
Бүгін, Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерінің ұсынымдарын іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі атқарған жұмыстар туралы баяндады. Кездесу ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізілді.
Жиын барысында Ақтоты Райымқұлова Ұлттық кеңес мүшелерінің барлық бастамалары мен ұсыныстары ескеріліп, мұқият қарастырылғанын атап өтті.
«Жыл басынан бері 46 мыңға жуық қоғамдық маңызы бар, ауқымды жаңа жобалар өткізілді. Жалпы республикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жобалар еліміздің 30 жылдағы жетістіктерімен байланысты, ай сайын өзінің тақырыптық атауымен өтті. Бірқатар іс-шаралар еліміз үшін айтулы мереке күндеріне орайластырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Барлық жобалар азаматтарды патриоттық тәрбиелеуге, рухани дамытуға, өнердің үздік үлгілерін насихаттап, бұқаралық спорт пен ішкі туризмді одан әрі ілгерілетуге бағытталып, идеологиялық-мазмұнды және сапалы шараларға толы болды.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің соңғы кезеңі 15 қарашадан басталған «30 жұлдызды күн» жобасы болды. Осы кезеңде бірқатар ауқымды мерейтойлық және салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.Атақты балетмейстер Мариус Петипаның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» спектаклінің премьерасын қоюы мен кәсіби хореографиялық оқу орындарының II Халықаралық фестивалінің ашылуы өтті.
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Далалық Еуразия металлургиясы: ежелгі технологияларды зерттеу тәжірибесі және репрезентациялау» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті, оған отандық және шетелдік жетекші ғалымдар, археологтар мен этнологтар, ЖОО оқытушылары және Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының өкілдері қатысты.
Түркістан музыкалық-драма театры елордалық көрерменге Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында «Бөрте» спектаклін ұсынды.
«Астана» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаеваның «Жасай бер, Қазақ Елі» атты шығармашылық кеші өтті.
«Астана Опера» Мемлекеттік театрында белгілі опера әншісі Мария Мудряктың «Сен үшін, менің Қазақстаным!» атты концерті өтті.
Сондай-ақ, «Астана Опера» және «Астана Балет» театрларында Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсының, «Белоснежка және жеті гном» және «Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио» балетінің премьералары өтті.1 желтоқсанда Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тарихи тұлға тағылымы» атты салтанатты концерт өтті.
Qazaq kuresi қауымдастығымен бірлесіп қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» республикалық турнирі өткізілді.Желтоқсанның бірінші онкүндігінде ересектер арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты және парадзюдодан Азия және Океания елдерінің Ашық Чемпионаты өткізілді, оған Индонезия, Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Румыния, Ресей және Жапония спортшылары қатысты.
Қазақстандық патриотизмді және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті нығайту, Абай, Әл-Фараби және Жамбылдың бай мұрасын насихаттау мақсатында, 6 желтоқсанда «Тәуелсіздік толғауы» XI Республикалық жаңа өнер туындылары онлайн-конкурсының және «Елім менің» XVII республикалық патриоттық әндер онлайн-конкурсының финалы өтті.
7-9 желтоқсан аралығында классикалық музыка өнерін насихаттау және жас таланттарды қолдау мақсатында, музыкалық аспаптарда орындаушылардың Халықаралық балалар телевизиялық байқауы өтті.
11 желтоқсанда Қанат Омаровтың жетекшілігімен «Астана Балет» театрының сахнасында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі және халықаралық конкурстардың лауреаты, Уотерманның алтын медалінің иегері Әлім Бейсембаев өнер көрсетті.Өскелең ұрпаққа айтыс өнерін насихаттау, айтыс өнерінің сапалы деңгейін одан әрі дамыту және жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясымен бірлесіп 10-шы республикалық ақындар айтысы өтті.
15 желтоқсанда «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті.
16 желтоқсанда ел басшылығы үшін «Ұлы дала таңы» толықметражды көркем фильмінің алдын ала көрсетілімін ұйымдастыру жоспарлануда. Фильм Қазақстан тарихында аты аңызға айналған дана билеуші, әділ жауынгер-өз Отанының қорғаушысы, реформатор және дала өлкесінің бүкіл өмірін регламенттейтін заңдар жинағының негізін қалаушы Қасым ханның өміріне арналған. Фильмнің ресми премьерасы 2022 жылдың көктемінде болады деп күтілуде. Бұл фильм қазақ халқының тарихын зерттеуге, жастарға және елдің патриоттық рухына үлкен қызығушылық танытуға ықпал етеді.
16-18 желтоқсан аралығында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Халифа Алтайдың «Алтайдан ауған елі» тарихи драмасының премьерасы өтті.
18 желтоқсанда әлемнің үздік боксшыларының қатысуымен халықаралық дәрежедегі бокстың үлкен кеші өтті.Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы жылдың 24 қарашасындағы Жарлығына сәйкес Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды.
Министрліктің құзыреті шеңберінде Мемлекеттік комиссияның жұмысын сүйемелдеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Қазіргі уақытта Орталық мемлекеттік архивте саяси қуғын-сүргіндермен байланысты құжаттарды архивта сақталған мекемелер мен ұйымдардың (Прокуратура, Әділет министрлігі сияқты) заңды иелерінің қатысуымен құпиясыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың қарамағындағы мемлекеттік архивтердегі жабық қорлар бойынша ақпарат жиналды.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи анықтама толық қалпына келтіріледі.
Сонымен қатар, біздің мемлекетіміз үшін маңызды мерейтойлар атап өтілді. Биыл Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толады.
Мемлекеттік комиссия деңгейінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспар бекітілді, оған сәйкес республикалық және өңірлік деңгейдегі көптеген мәдени іс-шаралар өткізілді.
Министрлік Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған мерейтойдың бірыңғай символикасы бар брендбук әзірледі, «Қазпошта» акционерлік қоғамы мерейтойлық пошта маркасының эскиздерін әзірледі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі коллекциялық монеталарды шығарды, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, Жамбыл өлеңдеріне арналған музыкалық туындыларды теміржол рейстерінде таратуды ұйымдастырды.
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан айтыскерлерінің қатысуымен халықаралық ақындар фестивалі ұйымдастырылды.
Түркияда Жамбылдың өлеңдері түрік тіліне аударылып, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының тұсауы кесілді.
Жалпы, Ұлы даланың Гомеріне айналған ұлы ақынның мерейтойы біздің халқымыз үшін үлкен мәдени мерекеге, айтулы рухани оқиғаға айналды.
Сондай-ақ аты аңызға айналған қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойының салтанатты ашылуы өтті.Кешенді жоспарға сәйкес арнайы пошта маркалары шығарылып, «Қажымұқан» көркем фильмі түсірілді.
Ақмола облысының Қажымұқан ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды, Нұр-сұлтан қаласында «Жас батыр» спорт кешені «Қажымұқан» деп өзгертілді, ескерткіш ашылды, сондай-ақ басқа да көптеген мәдени, спорттық және ақпараттық-имидждік іс-шаралар өткізілді.Мәдениет объектілерінің халыққа қолжетімділігін арттыру мақсатында тиісті инфрақұрылымды дамыту жолымен қажетті жағдайлар жасалады.
Nur Otan партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру шеңберінде 2021 жылы ел өңірлерінде 89 мәдениет нысанының құрылысы және 211 мәдениет нысанын жөндеу көзделген. Қазіргі уақытта 55 нысанның құрылысы және 177 нысанның жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталған жұмыстар бекітілген кесте бойынша аяқталатын болады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында мәдениет саласында 2021 жылы еліміздің 2 өңірінде 9 жобаны іске асыру көзделген.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2021 жылы еліміздің 12 өңірінде ауылдағы мәдениет объектілерін салу, күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша 64 жобаны іске асыру көзделген.
Сондай-ақ, тарихи-мәдени мұра объектілерінің инфрақұрылымы дамуда. Ағымдағы жылы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталды, «Ұлытау» музей-қорығының визит-орталығының аумағы толығымен абаттандырылды.
2021 жылы «Сарайшық», «Сауран», «Гаухар ана» және «Ордабасы» визит-орталықтарының құрылысы басталды, сондай-ақ 2022 жылы «Есік», «Берел» және «Шілікті» визит-орталықтарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.
Ортағасырлық «Сауран» және «Яссы» қалашықтарында реставрациялау жұмыстары жүргізілуде.
Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау жөніндегі соңғы жылдардағы ең ауқымды жобаладың бірі - Түркістан қаласын дамыту.
Биыл түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммиті аясында, Түркістан ресми түрде Түркі әлемінің рухани астанасы болып танылғанын атап өткім келеді.Бүгінгі таңда Түркістанның тарихи орталығында ғылыми-реставрациялау жұмыстары жалғасуда. Жалпы, Түркістан қалашығын реставрациялау, консервациялау және қалпына келтіру жұмыстарымен 88,7 га аумақтағы 9 объект қамтылды, оның ішінде 4 тарихи-мәдени объектіде (үлкен Қылует, Такияқақпа, Жетіатақақпа) жұмыстар аяқталды және 5 объектіде (Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Рабия Сұлтан Бегім кесенесі, Дарбазақақпа, Әбілмәмбет хан ордасы) жұмыстар жалғасуда.
Сондай–ақ, Түркістанның ең алғашқы қалалық қоныстарының бірі - Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру бойынша жан-жақты зерттеулер жүргізілуде.
Жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау шаралары қабылдануда. Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауда айтылған тапсырмасын орындау шеңберінде, 2022 жылдан бастап азаматтық қызметшілердің барлық санаттарының (А, В, С, D), оның ішінде мәдениет, архив ісі ұйымдарының қызметкерлерінің жалақысын 2025 жылға дейін орта есеппен 20%-ға жыл сайын арттыру көзделген».
Ақтоты Райымқұлова бұдан кейін Ұлттық кеңестің отырыстары барысында айтылған бастамалар мен ұсыныстарды іске асыру шеңберінде министрліктің атқарған жұмысы туралы хабарлады.
«Ұлттық кеңестің ұсынымдарына сәйкес Министрлік қазіргі заманғы үрдістерді ескере отырып, балалар мен жасөспірімдер арасында оқу мәдениетін дамыту бөлігінде кітапханалар қызметін ұйымдастырудың жаңа әдістерін әзірледі. Осыған байланысты 2021 жыл «Балалар әдебиеті жылы» деп жарияланды.
Балалар әдебиеті жылы аясында Қазақстан Республикасында кітапханаларға оқырмандарды тарту және оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
Іс-шаралар жоспары оқырмандар мәдениетін дамыту, балалардың оқуға деген қызығушылығы, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет желісінде оқырмандардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мәселелерін ілгерілету, жалпыға қолжетімді кітапханаларды жаңғырту, серіктестік қарым-қатынасты, мемлекеттік және қоғамдық бастамаларды нығайту сияқты бағыттарды қамтиды.
Балалар әдебиеті жылы аясында ҮЕҰ-ны салалық қағидат бойынша мемлекеттік қолдау тетіктерін кеңейте отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде алғаш рет балалар мен жасөспірімдер арасындағы оқу сауаттылығын арттыруға, балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі танытуы мен танымдық-шығармашылық белсенділігін дамытуға бағытталған «Жас қаламгер» оқыту мектебі сияқты әлеуметтік жобалар іске асырылды.Қазақстандық мәдениет және спорт жұлдыздарын, жастар ұйымдары мен қоғам қайраткерлерін тарта отырып, балалар мен жасөспірімдердің оқырман белсенділігін арттыру мақсатында «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясы өткізілді.
Аталған акцияны Халықаралық кітапхана қауымдастықтары мен бірлестіктері федерациясының президенті Кристина Маккензи, сондай-ақ Қазақстанның ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қауымдастығы қолдады.
Сондай-ақ ерекше балалар үшін инклюзивті шығармашылық кеңістік құру, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, таланттарды дамытуға жәрдемдесу, балаларды түсіністік, толеранттылық рухында дербес өмірге дайындау мақсатында инклюзивті қоғамда NewАrt балалар шығармашылығының фестивалі ұйымдастырылды.Алғаш рет мәдениет саласындағы ұйымдар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар, сондай-ақ шығармашылық әлеуетті іске асыру және ерекше қажеттіліктері бар мәдениет ұйымдарының жұмыскерлері мен шығармашылық адамдарын әлеуметтендіру, сондай-ақ олардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында шығармашылық адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында Ónerpaz bolsań фестивалі өткізілді.
Зағип және нашар көретін азаматтар үшін әдебиет тапшылығын жабу үшін арнайы кітапханаларда ел кітапханаларының қорын, оның ішінде көзі көрмейтін және нашар көретін адамдар үшін мемлекеттік тілде 10%-ға ұлғайту көзделген.Ұлттық кеңестің 5 отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдарға сәйкес Министрлік ойын бизнесі саласындағы қызметті жетілдіру мәселелерін пысықтады.
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін енгізу мақсатында кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тартқаны немесе жібергені үшін олардың лицензиясының қолданысын тоқтата тұруға дейін тиісті түзетуді «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізу жөнінде Әділет министрлігіне ұсыныс жіберілді»,- деді Мәдениет және спорт министрі.
Сонымен қатар онлайн кездесу барысында тыңдаушылар тарапынан Түркістанның ЮНЕСКО қорғауындағы тарихи бөлігінде көпқабатты қонақ үй салу туралы даулы іс бойынша, ОҚО ауылдық аудандарының мектептерін спорт құрал-жабдықтарымен жабдықтау бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, министр аталған көкейкесті сауалдарға жауап берді.
Сондай-ақ, авторлық кітаптарды басып шығаруға 50% дотация, авторларды іздеу бойынша баспаларды тақырыптық бағыттарды басып шығаруға ынталандыру, студенттер мен оқушылардың театрлар мен көрмелерге баруы үшін 50% дотация, мемлекеттік деңгейде атап өтілетін үш жылдық іс - шаралар мен айтулы күндерді өткізу бойынша ұсыныстар жасалды.