«Ұлттық мұра» атты көрме  өтеді

«Ұлттық мұра» атты көрме  өтеді

12 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив және құжаттаманы басқару комитеті «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ-сі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлттық мұра» атты көрменің тұсаукесерін өткізеді.

Көрмеге ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, архив, кітапхана, музей қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының магистранттары, докторанттары және қала қонақтары қатысады.

Көрменің мақсаты- Ерте заман тарихынан өрбіп келе жатқан бай қазынаға ие қазақ ұлттық қолөнерін қазіргі жас ұрпаққа көрсету және насихаттау. Сонымен қатар, Ұлттық санамызда, болмысымызда, рухымызда қалыптасқан қолөнер тарихын тереңірек тану.

Ұлттық қолөнер – қазақ халқының қолданбалы өнерінің ең биік шындарының бірі. Себебі, адам қолымен жасалған түрлі ою-өрнектер, ұлттық әшекейлі бұйымдар, ат-әбзелдер мен үй тұрмысында қолданылатын жабдықтар асқан шеберлікпен жасалынды. Оған Отандық ғылымда археологиялық экспедициялық жұмыстардың нәтижесінде табылған артефактілер дәлел.
Қазақ халқының ұлттық құндылығы мен байлығын көрсететін киіз үй жиhаздары мен бұйымдары және сирек мұралар ел назарына ұсынылады.

Өтетін орны: Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының Оқу залы (Кіру – Керуен СОО жағынан)
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Нұржол желекжолы, 12.
Тел.: 8 (7172) 769027, 769043, nc-ais@mail.ru