«Сарайшық» музей-қорығы TORUS ЖШС-мен ақпараттық технология саласында әріптестік байланыс орнатты

«Сарайшық» музей-қорығы TORUS ЖШС-мен ақпараттық технология саласында әріптестік байланыс орнатты

«Сарайшық» музей-қорығы гранттық қаржыландыру бойынша «ГУЛАГ жүйесіндегі Прорва және Астрахань лагерлері: «тарих, естелік, тағылым (1932-1950 жж.)» жобасын жүзеге асыру мақсатында IT-компаниялардың бірі TORUS ЖШС-мен байланыс орнатты.

TORUS ЖШС жаңа ІТ технологияларды қолдану мен оны түрлі салаларға енгізу бағытында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған мекеме. Сонымен бірге TORUS музей-қорықтың веб-сайтын модернизациялауға, 3D модельдеу, имидждік өнімдер дайындауға және мамандардың білімін жетілдіруде де көмек қолын созып отыр. Өзара бірлескен жобалар интернет қолданушылары мен музей-қорыққа келушілерге Сарайшықтың бай тарихын көрсетуде үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.