Алматыда «Феникс» баспасының кітап сөресі ашылды

Алматыда «Феникс» баспасының кітап сөресі ашылды

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында Қытай Халық Республикасындағы жетекші баспалардың бірі «Феникс» баспасы кітап сөресінің ашылу рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан мен Қытай арасындағы кітап шығару саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Жиын барысында екі ел арасындағы мәдени әріптестіктің маңызы мен кітаптың халықтар арасын жалғайтын рухани көпір ретіндегі рөлі сөз етілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап мәдени және кәсіби ықпалдастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдіріп, бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың перспективасын талқылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі