Анкарада IV Халықаралық ономастикалық ғылыми симпозиум өтті

Анкарада IV Халықаралық ономастикалық ғылыми симпозиум өтті

Анкарада IV Халықаралық ономастикалық ғылыми симпозиум ұйымдастырылды. Оған 10-ға жуық елден 68 зерттеуші қатысты.

Іс-шара түркі халықтарына ортақ ата-бабадан қалған ат қою дәстүрін ғылыми тұрғыда зерделеу, сала мамандары арасындағы ғылыми байланысты нығайту және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері мен отандық ғалымдар елдегі ономастика саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Ономастика зерттеулерінің пәнаралық сипатына, атау қою ғылымының тарихи, лингвистикалық, мәдени және әлеуметтік қырларына ерекше назар аударылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі