Павлодарда халықаралық әдеби форум мен жаңа кітаптардың тұсаукесері ұйымдастырылды

Павлодарда халықаралық әдеби форум мен жаңа кітаптардың тұсаукесері ұйымдастырылды

Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп жүзеге асырған «ТМД елдері архивтеріндегі қазақстандық жазушылардың зерттеу жұмыстары» атты мәдени жоба аясында әдеби форум мен жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде жүзеге асқан жобада отандық қаламгерлер ТМД елдерінің бірқатар архивтерінде ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қазақ тарихы мен әдебиетіне қатысты тың деректерді жинақтады. Нәтижесінде 15 ғылыми-шығармашылық еңбек дайындалып, көпшілік оқырманға ұсынылды.

Форумға еліміздің белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушылар, зерттеуші ғалымдар, жас ғалымдармен қатар Ресей Федерациясынан келген әдебиет зерттеуші қаламгерлер мен мәдениет өкілдері қатысты.

Жарыққа шыққан кітаптар еліміздегі жалпыға бірдей қолжетімді кітапханаларға таратылады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі