ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығы талқыланды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығы талқыланды

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушы, ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» тарихи әңгімесін талдау сағаты өтті.

Кездесуде жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер айтылды. Қатысушылар «Қараой» повесіндегі тарихи тұлға – Махамбет Өтемісұлының бейнесін талқылады.

Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысып, шығарманы жан-жақты талдады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі