2025 жылдың 10 қазанында Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті жазушы, қоғам қайраткері Жұмабай Шаштайұлының 75 жылдығына арналған «Өзгермеген адам» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шараға жазушының шәкірттері, әріптестері, отбасы мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш аясында жазушыға арналған естелік кітаптың тұсаукесері өтті. Сонымен қатар, қаламгердің шығармашылық жолы, өмірлік ұстанымы және ел игілігі жолындағы еңбегі жайлы естеліктер айтылды.
Жинақта жазушының архивтік материалдары, замандастарының пікірлері мен сирек фотосуреттері қамтылған. Сондай-ақ, кітапта оның әдеби мұрасы мен тұлғалық болмысына қатысты маңызды деректер ұсынылған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі