Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын әрі қоғам қайраткері Әбу Сәрсенбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Іс-шара ақынның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегін құрметтеуге арналды. Бағдарлама аясында қаламгердің өмірі мен шығармашылығына қатысты мазмұнды баяндамалар ұсынылып, көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ақынның қызы Райхан Сәрсенбаеваның «Сен құрметте оны» атты естелік кітабының таныстырылымы өтті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі