Ұлттық кітапханада Таласбек Әсемқұловты еске алу кеші өтті

Ұлттық кітапханада Таласбек Әсемқұловты еске алу кеші өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, аудармашы, кинодраматург, күйші  Таласбек Әсемқұловтың туғанына  70 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

Жиынның мақсаты – ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңірген қаламгердің мұрасын дәріптеу.

Іс-шара аясында Ұлттық кітапхана қорынан жазушы еңбектеріне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, Таласбек Әсемқұловтың шығармашылығына арналған баяндамалар оқылды.
Сонымен қатар автор орындаған күйлері шертіліп, қаламгер жайында естеліктер айтылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі