Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық IFLA Дүниежүзілік кітапхана және ақпарат конгресі аясында «Білімді біріктіру арқылы болашаққа жол ашамыз: өлкетану және генеалогия бойынша ақпараттық ресурстар негізінде көпұлтты қоғамға кітапхана қызметін көрсету» атты халықаралық кездесу өтті.
Жиын барысында жинақтарды толықтыру, инклюзивті бағдарламалар әзірлеу, меценаттарға өлке тарихын зерттеуде көмектесу үшін жаңа технологиялар арқылы үздік тәжірибе ұсыну, көпмәдениетті тарихты сақтау, генеалогиялық зерттеулерге арналған цифрлық құралдарды пайдалану, түрлі шежірелерді ұсынудағы қиындықтарды шешу жолдары талқыланды.
Отырыста «Қазақстан кітапханаларының өлкетану қызметіндегі дәстүрлі және цифрлық тәжірибелері» тақырыбына баса назар аударылды. Қазақстанда 4 мыңға жуық көпшілікке арналған кітапхана және олардың 72 миллионнан астам басылым қоры бар. Сонымен қатар 5 миллионнан аса тұрақты пайдаланушы тіркелген. Өлкетану бағытында тарихи, әдеби, мәдениеттану және экскурсиялық-туристік жобалар тиімді жүзеге асырылуда. Электронды ресурстар, соның ішінде kazneb.kz порталы 64 тілде 80 мыңнан астам бірлікке жетті.
Халықаралық кездесуге Иран, Қытай, БАӘ, Филиппин, Швеция, АҚШ, Жапония және басқа да елдердің кітапхана саласы өкілдері қатысты. Олар заманауи үрдістер мен технологияларды тарихпен байланыстыру, қызмет көрсету сапасын арттыру және кітапханалар жұмысының тиімді стандарттарын енгізу тәжірибесін бөлісті.
Бір ғасырға жуық тарихы бар Орта Азияда тұңғыш рет Кітапханалар мен кітапханалық ұйымдардың халықаралық федерациясы (IFLA) 89–Бас конференциясын және Ассамблеясын ұйымдастырды. Іс-шара Астана қаласында 18-22 тамыз аралығында өтеді. Бұл жиынға 109 елден 4000-ға жуық делегат қатысады деп жоспарланып отыр.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі