
2025 жылдың 19 наурыз күні білім беру бөлімі әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес Аққулы ауылындағы «Айналайын» сәбилер бақшасының базасында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды сынып балаларына арналған «Жауқазын» олимпиадасының аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға өтінім бойынша 20 бүлдіршін қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, І орынды Аққулы ауылының ЖББМ мектепалды сыныбының бүлдіршіні М.Төлеген, II орынды Ямышев ЖОББМ мектепалды сыныбының бүлдіршіні С.Магзумова, «Айналайын» сәбилер бақшасының бүлдіршіні А.Оразалина, III орынды Жаңатан НЖББМ мектепалды сынып бүлдіршіні А.Қазыкен, Әйтей ауылының НОМ мектепалды сынып бүлдіршіні А.Сұраған, Абай ат.НЖББМ мектепалды сынып бүлдіршіні А.Әлімбет иеленді. «Алғыр балақан», «Ойшыл балдырған» номинациясымен Аққулы ауылының ЖББМ мектепалды сыныбының бүлдіршіні А.Коңырбаева., С.Сатыбалдин ат. ЖОББМ мектепалды сыныбының бүлдіршіні А.Нұрбекқызы марапатталды. Құттықтаймыз!