
Жарыс бағдарламасының маңызды бөлігіне айналған қазақтың дәстүрлі «Бес тас» ұлттық ойыны қатысушылардың ептілігі мен шапшаңдығын айқын көрсетті. Ойын барысында әрбір қатысушы өз шеберлігін танытып, көрермендерге қызықты әрі тартысты сәттер сыйлады. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеген бұл сайыс ерекше әсерге толы болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын — Андреева Светлана, Ямышев орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
ІІ орын — Исагулова Гульнар Өмірзақовна, Жамбыл орта мектебі директорының орынбасары;
ІІІ орын — Тынымхан Салтанат, Әйтей ауылының негізгі мектебінің даярлық сыныбының педагогі.
Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінің бірі — асық ату жарысы да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұл сайыста ойыншылар мергендік пен дәлдікті, ептілік пен төзімділікті қатар көрсете білді. Әрбір кезең тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Асық ату жарысының қорытындысы бойынша:
І орын — Айдарханов Данияр Серикович, Жаңатаң негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
ІІ орын — Үнербаев Нурханат Ауезханович, Б. Уахатов атындағы орта мектептің басшысы;
ІІІ орын — Есімжан Әлібек, Бесқарағай орта мектебінің қызметкері иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан алғысқа бөленді. Мұндай іс-шаралар ұлттық ойындарды жаңғыртып қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға, жастарды елжандылыққа тәрбиелеуге зор үлес қосады.
Ұлттық мұрамызды дәріптеген игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім мол.