
“Bi bile” Mega Dance аудандық іріктеу хореографиялық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өнер сүйер қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Байқауға ауданымыздың 9 мектебінен дарынды оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар әртүрлі би жанрлары бойынша (қазақтың ұлттық билері, заманауи және эстрадалық билер) өнер көрсетіп, сахна мәдениеті мен шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Байқаудың басты мақсаты – жас таланттарды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және би өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Әрбір ұжым өздерінің дайындығы мен шеберлігін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін әділ бағалап, үздіктерді анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, келесі кезеңге жолдама алды.
Аталған шара оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, достық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді.