«Мектепке қауіпсіз жол»

«Мектепке қауіпсіз жол»

«Мектепке қауіпсіз жол» тақырыбында Аққулы ауданының 1-сынып оқушыларына арналған танымдық сағат өткізілді. Шараға жуық 700 ден астам оқушы қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіру, көшеде өзін қауіпсіз ұстау дағдыларын қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Танымдық сағат барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған негізгі ережелер таныстырылды. Атап айтқанда, жолды тек арнайы белгіленген жерден (жаяу жүргіншілер өткелінен) өту, бағдаршам белгілеріне бағыну, жолда абай болу қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, балаларға жол белгілерінің түрлері көрсетіліп, олардың мағынасы туралы мәлімет берілді.

Іс-шара барысында түрлі көрнекі материалдар, суреттер және түсіндірме жұмыстары қолданылып, оқушылардың қызығушылығы арттырылды. Сұрақ-жауап арқылы балалардың тақырыпты қаншалықты меңгергені анықталды.

Танымдық сағат соңында оқушылар жолда жүру ережелерін сақтау – өз өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты екендігін түсінді.