Аққулы ауданының жас экологтары 700-ден астам қарағай көшетін отырғызды

Аққулы ауданының жас экологтары 700-ден астам қарағай көшетін отырғызды

Аққулы ауданының жас экологтары қоршаған ортаны қорғау және көгалдандыру ісіне өз үлестерін қосты. Экологиялық бастама аясында оқушылар 700-ден астам қарағай көшетін отырғызды, және бір жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді.

Жыл бойы оқушылар көшеттерге тұрақты түрде күтім жасап, суарып, топырағын қопсытып, олардың жақсы өсуіне қолайлы жағдай жасады. Нәтижесінде отырғызылған ағаштар тамыр жайып, өсіп келеді.

Бұл бастама аудан аумағын көгалдандыруға ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Жас экологтардың бұл еңбегі – белсенді азаматтық ұстанымның жарқын үлгісі