Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»   республикалық байқауының аудандық кезеңін өткізу туралы.

Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»   республикалық байқауының аудандық кезеңін өткізу туралы.

Білім беру бөлімі әдістеме кабинетінің  жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар арасында мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»   байқауы 2026 жылғы 11 наурыз күні онлайн форматта өткізілді. Байқау мектепке дейінгі топтар мен  сыныптар арасында олардың аналары мен әжелерінің қатысуымен өткізілді. Байқаудың мақсаты: балаларды отбасылық құндылықтарға, еңбекқорлыққа баулу.

 Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды зерделей келе, келесі кезеңге қатысу үшін жеңімпаздарды анықтады.

І орын Шарбақты ЖОББМ мектепалды сынып, «Айналайын» сәбилер бақшасы

ІІ орын Малыбай ЖОББМ жанындағы шағын орталық

ІІІ орын «Қызғалдақ» сәбилер бақшасы

«Мейірімді отбасы» Номинациясын  Қазы ЖОББМ жанындағы шағын орталығы, Қазантай НЖББМ жанындағы шағын орталық  иеленді. Құттықтаймыз!