Аққулы ауданында мектеп асханаларына мобильді сарапшылық топтың жұмыс сапарлары жалғасуда

Аққулы ауданында мектеп асханаларына мобильді сарапшылық топтың жұмыс сапарлары жалғасуда

 

Аққулы ауданында оқушылардың сапалы және қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының мектеп асханаларына мобильді сарапшылық топтың (МСТ) жоспарлы іссапарлары басталды.

Іссапар барысында оқушылар тамақтануының ұйымдастырылуы, санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуы, азық-түлікті сақтау және дайындау шарттары, сондай-ақ мектеп асханаларының бекітілген санитарлық және нормативтік талаптарға сәйкестігі кешенді түрде бақылауға алынады.

Арнайы назар аударылатын мәселелер:
* ас әзірлеу блоктарының жағдайы;
* дайындалған тағамдардың сапасы;
* бекітілген мәзірдің болуы және оның сақталуы;
* асханалардың санитарлық жағдайы;
* асханалық персоналдың медициналық тексерістен өткендігі.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар беріледі.

Мобильді сарапшылық топтың жұмысы ауданның барлық білім беру ұйымдарында жоспарлы түрде жүргізіліп, оқушылар үшін қауіпсіз тамақтану жағдайларын құруға және олардың денсаулығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған.

Мониторингтің 2026 жылғы 9-10 ақпан күндері шеңберінде Тлектес, Потанин, С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп, Абай атындағы жалпы мектеп, Шамши бастауыш мектебі және Аққулы ауылының орта мектебінде мектептегі тамақтану ұйымдастырылуы зерттелді.

Жұмыс барысында комиссия келесі мәселелерді қарастырды:
* тамақтануды ұйымдастыру бойынша қажетті нормативтік-құқықтық және есептік құжаттардың болуы және жүргізілуі;
* оқушылар үшін тамақтануға қолайлы жағдайлар жасау;
* ас әзірлеу блоктары мен асханалардың жалпы санитарлық жағдайы;
* оқушылардың сусын режимін сақтау;
* дайын тағамдардың шығуын көрсететін бекітілген мәзірдің болуы;
* күнделікті мәзірдің перспективтік мәзірге сәйкестігі;
* нақты тамақтану рационының белгіленген нормаларға сәйкестігі.

Арнайы назар санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуына, тағам дайындау технологиясына және балалардың қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз етуге аударылды.

Мониторинг қорытындысы бойынша ведомствоаралық сарапшылық топ мүшелері анықталған кемшіліктерді жою және мектептегі тамақтану жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.

Білім беру ұйымдарының басшыларына бракераждық комиссиялардың қызметін қатаң бақылауды күшейту, мәзір мен санитарлық нормаларды толық сақтау, сондай-ақ оқушылар тамақтануының сапасын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.

Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында балалар тамағының сапасын мониторингілеу бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізілетін болады.