“Айналайын” балабақшадағы «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында ересек топ тәрбиеленушілерімен «Мен құрылысшымын» атты сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылып, өткізілді.

“Айналайын” балабақшадағы «Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» республикалық пилоттық жобасы аясында ересек топ тәрбиеленушілерімен «Мен құрылысшымын» атты сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылып, өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды еңбекке баулу, құрылысшы мамандығы туралы бастапқы түсінік қалыптастыру, мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ бірлесіп жұмыс істеу, өзара көмек көрсету және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Ойын барысында тәрбиеленушілер құрылыс алаңының жұмысымен танысып, құрылысшы, сәулетші, жұмысшы сияқты түрлі рөлдерді бөлісе отырып, өздерін нағыз құрылыс мамандары ретінде сезінді. Балалар құрылыс материалдарын пайдаланып, қиялдары мен шығармашылық ойлау қабілеттерін іске қоса отырып, әртүрлі нысандар мен әсем құрылыстар тұрғызды.

Сюжеттік-рөлдік ойын кезінде балалардың ұсақ қол моторикасы, кеңістікте бағдарлау, логикалық ойлау және ұжымда жұмыс істеу қабілеттері дамытылды. Сонымен қатар еңбекке деген оң көзқарас қалыптасып, мамандық иелерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиеленді.

Аталған іс-шара тәрбиеленушілердің танымдық қызығушылығын арттырып, ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу бағытындағы жұмыстардың тиімділігін көрсетті.