ЖЕТІСТІК – ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ НӘТИЖЕСІ

ЖЕТІСТІК – ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ НӘТИЖЕСІ

Бүгін дарынды оқушыларымыздың жетістіктерін насихаттау мақсатында облыстық «ERTIS» телевидениесіне арнайы сұхбат берілді.

Сұхбат барысында мектеп оқушыларының республикалық деңгейдегі жетістіктері кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда,
Абылқас Ақерке ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада «Құқық негіздері» пәнінен ІІІ орын иегері атанды.
Жетекшісі – Абуов Женисбек Төлеубекұлы.

Сонымен қатар,
Серік Аружан 2–7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық ғылыми жобалар байқауында І орынға ие болды.
Жетекшісі – Абетжанова Самал Тоқтасынқызы.

Телесұхбат барысында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы еңбектері мен алдағы мақсаттары туралы айтып өтті. Жетекшілердің жүйелі жұмысы мен қолдауының маңыздылығы да ерекше атап өтілді.

Бұл жетістіктер – білімге деген талпыныс пен тынымсыз еңбектің, ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара сенімнің айқын көрінісі.
Дарынды оқушыларымызға алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! 🌟