«BilimNet» желілік қоғамдастығы: білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық тәжірибе

«BilimNet» желілік қоғамдастығы: білім сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық тәжірибе

Білім сапасын арттыруға бағытталған «Mentorline» аудандық желілік қауымдастығының жоспарын жүзеге асыру мақсатында «BilimNet» желілік қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2 ақпан күні Тлектес жалпы орта білім беру мектебінде «BilimNet» желілік қоғамдастығына кіретін мектеп педагогтарына арналған семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – білім сапасын арттыруда формативті бағалаудың тиімділігін көрсету, педагогтардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Семинарға Аққулы, Шарбақты, Сатыбалдин, Потанин, Тлектес мектептерінің педагогтары қатысты. Семинар жұмысы мектеп басшысы А.Бекпауованың кіріспе сөзімен басталып, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылды.
Кіріктірілген дуэт-сабақтар барысында Тлектес ЖОББМ биология пәні мұғалімі Базарханова Ә.Ж. және Потанин ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Асаинов А.Е. 9 сыныпта “Ми мен компьютер арасындағы ақпарат алмасу жүйесі” , Тлектес ЖОББМ физика пәні мұғалімі Базарханов Е.Ж. және Потанин ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі Марданова Ж.Ж. 7 сыныпта “Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу тәсілдері”, Тлектес ЖОББМ ағылшын тілі мұғалімі Авазова З.Ф. және С.Сатыбалдин ат. ЖОББМ география пәні мұғалімі Кадырханова Н.М. 7 сыныпта “Табиғи апаттар”, Тлектес ЖОББМ тарих пәні мұғалімі Зайрқұл Ж.Қ. және С.Сатыбалдин ат.ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгожин Қ.С. 8 сыныпта “Б.Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиеті” тақырыптарында кіріктірілген дуэт-сабақтар өткізді. Сабақтарда формативті бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдері тиімді қолданылып, оқушылардың белсенділігі айқын байқалды.
Тәжірибелік бөлімде Базарханова Ә.Ж. “Білім сапасын арттыруда формативті бағалаудың рөлі” тақырыбында коучинг, Авазова З.Ф. Ағылшын тілі пәнінен қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру, Мағзұм Қ.Е., Сейткулова Д.М. оффлайн және онлайн оқытуға арналған білім беру платформалары бойынша шебер-сынып өткізді.
Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, білім сапасын арттырудағы тәжірибелік маңызы жоғары шара ретінде бағалады.