
Білім сапасын арттыруға бағытталған «Mentorline» аудандық желілік қауымдастығының жоспарын жүзеге асыру аясында «BilimNet» желілік қауымдастығының іс-шаралар жоспарына сәйкес дуэт-сабақтар шеруі ұйымдастырылуда.
Дуэт-сабақтардың негізгі мақсаты – педагогтардың бірлесіп сабақ өткізу тәжірибесін жетілдіру, білім сапасын арттыруда цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану жолдарын көрсету, сондай-ақ заманауи оқыту әдістерімен бөлісу.
Аталған іс-шара барысында Потанин орта мектебі мен Аққулы жалпы білім беретін мектебінің педагогтары Потанин ОМ базасында бастауыш сыныптарда дуэт-сабақтар өткізді. Сонымен қатар, Шарбақты орта мектебі мен Аққулы ЖББМ педагогтары Аққулы ЖББМ базасында физика және математика пәндері бойынша бірлескен дуэт-сабақтар жүргізді.
Іс-шара барысында пән мұғалімдері дуэт-сабақтың артықшылықтары, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру тәсілдері және заманауи білім беру платформаларын тиімді пайдалану жолдары бойынша тәжірибе алмасты.
Дуэт-сабақ форматы оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын арттырып, пәнге деген ынтасын күшейтуге және білім сапасының артуына оң ықпал етті.