
2026 жылғы 30 қаңтар күні Аққулы ауылының жалпы білім беру мектебінің базасында «Жыл мұғалімі-2026» облыстық конкурсының аудандық кезеңі өткізілді.
Конкурстың мақсаты – педагогтың оң имиджін қалыптастыру, педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру.
Конкурсқа аудан Аққулы ЖББМ, Жамбыл ОМ, Жаңатан НМ, Абай ат.НМ, Потанин ОМ, Ямышев ОМ, Қазантай НМ, Төсағаш мектептерінен 9 педагог қатысты. Ережеге сәйкес, педагогтар ашық сабақ көрсетіп, портфолио қорғап, бейнероликтерін ұсынды.
Қазылар шешіміне сәйкес, І орынды Жаңатан негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтуганова Салтанат Токаевна, ІІ орынды Абай ат.НМ бастауыш сынып мұғалімі Жұмабаева Аяужан Сабитовна және Потанин ОМ көркем еңбек пәнінің мұғалімі Каллемова Алмагуль Кайроллиновна, ІІІ орынды Жамбыл ОМ бастауыш сынып мұғалімі Бейсембекова Жанар Санатовна және Қазантай НМ тарих пәнінің мұғалімі Қамзабай Ақгүл Еркебұланқызы иеленді. Барлық қатысушыларға сертификат табыс етілді.