Аудандық «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері

Аудандық «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагері

Лагерь бағдарламасы негізгі ұлттық құндылықтар призмасы арқылы бала тұлғасын жан – жақты дамытуға бағытталған «Біртұтас тәрбиені » басым бағыттарына сәйкес әзірленді. Балаларды бірлік пен ынтымақтастық, патриотизм және еңбексүйгіштік сонымен қатар жасампаздық пен әділдікке бағытталады. Осы мақсаттар ішінде:

«Шабыт», «Балалар кітапханасы», «Өнерлі шебер», «Ұшқыр ой алаңы», «Достық күні» іс – шаралары жүзеге асты. Іс – шара кезінде балалар белсенді қатысты, отряд бойынша бірлесе жұмыс атқарды. Сериков Нұржан, Серікболат Нұрислам , Асылбекова Амина, Сайлау Айсауле, Ақтай Жасұлан, Егізбай Сезім және Егізбай Іңкәр т.б. өз өнерлерін көрсетіп, ерекше белсенділікпен көзге түсті.

Шығармашылық кезінде оқушылар әр түрлі тапсырмаларды орындап отырды. Түрлі түсті қағаздардан аппликация жасады. Өз қиялдарынан жануар мүсінін жасады. «Астана – бас қала» тақырыбында суреттер мен аппликаия жасалды. Балалардың қызығушылығын арттыра отырып ең жақсы суреттер мен аппликациялардан көрме ұйымдастырылды. Табиғи материалдармен жұмыс жүргізілді. Қол икемділіктерін жетілдіру мақсатында түрлі бұйымдар, қима қағаздардан аппликация жасалды. Эстетикалық талғамдарын арттырды. Жазғы сауықтыру лагерінде қазақтың ұлттық «Асық ату», «Алтын қақпа», «Тоғызқұмалақ» т.б. жарыстары өткізіліп ғана қоймай және де «Үйрек - аңшы» ойыны, «футбол» жарысы, «көңілді эстафета», «жеңіл атлетика» «көңілді жарыстар» көптеген қызықты жарыстар өткізілді. «Күншуақ» аудандық лагерінде балалар «Ауыл тынысы» демалыс үйііне саяхат жасады. Балалар демалыс үйінде спорттық ойындар ойнады, көрнекі жерлерді аралап, уақытты қызықты өткізді.

«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары табиғат аясына тоғайға шықты. Балалар таза ауада көңілді ойындар ойнады, тәтті сыйлықтар беріліп, уақытты тиімді өткізді.

«Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің. басшылығы және лагерь қызметкерлерінің қатысуымен «Күншуақ» лагерінің ашылуы салтанатты түрде ұйымдастырылды. Салтанатты жиынды «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің директоры Смагулова К.К. оқушыларды жазғы демалысқа шығуларымен құттықтап, демалыстарының көңілді, пайдалы әрі сәтті өтуіне тілек айтты. Өткізілген мерекелік шараға «Өнер мектебі» өз мерекелік концертпен қонаққа келді. Жас өнерпаздар әндерін шырқап, ұстаздармен бірге өз өнерлерін паш етті. Концерт соңында «Өнер мектебінің» ұстаздары қызықты ойындары және тәтті сыйлықтарын тарту етті. Жазғы демалыстың жылы күндері балалар тек демалып қана қоймай, физикалық тұрғыдан дамып,дүниетанымдары кеңейіп, жаңа оқу жылына күш жинауы тиіс. Осы мақсатта аудандық «Күншуақ» жазғы лагерь өз жұмысын бастады.