“Жайдарлы жаз” – балғындар шаттығы.
Бүгін Шәмші бастауыш мектебінде “Жайдарлы жаз” бағдарламасы аясында жазғы демалыс, сауықтыру және оқушылардың уақытын тиімді өткізуі мақсатында семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын мазмұнды, қызықты әрі пайдалы өткізуге бағытталған кешенді жұмыстармен таныстыру.
Семинарға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар қатысты. Жиын барысында балалардың демалыс уақытындағы қауіпсіздігі, денсаулығын сақтау, бос уақытты тиімді ұйымдастыру жолдары, сондай-ақ мектеп жанындағы лагерь жұмыстарының жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған үйірмелер мен спорттық, мәдени шаралар бағдарламасы таныстырылды.
Мектеп директорының айтуынша, “Жайдарлы жаз” – тек демалыс емес, бұл балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін маусым. “Оқушыларымыз үшін бұл жаздың әр күні мәнді де, мағыналы өтсін деген ниеттеміз. Балалардың жаз бойы өз қабілеттерін танытуына барлық жағдай жасалатын болды”, – деді Жанар Табикенова.
Семинар соңында қатысушылар бірлескен пікір алмасып, алдағы жоспарларды нақтылап, жазғы маусымда балалардың қуанышты сәттерге толы болуына ниеттестіктерін білдірді.