Бұл бұрынғы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады, тек жаңартылған мазмұнмен және Мемлекет басшысының «Адал Азамат – Адал еңбек – Адал табыс» идеологиялық тұжырымдамасына сай жаңа атаумен ұсынылып отыр.
✍️ Бағдарлама үйлестірушісі – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ақпаратына сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №123 бұйрығымен бұл бағдарлама ресми түрде бекітілді. Бағдарламаның басты мақсаты – адал және еңбекқор азаматты тәрбиелеу. Тәрбие жүйесі жалпыұлттық құндылықтарға негізделіп, мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуды көздейді.
🔹 Алғаш рет бұл стандарттар жекеменшік мектептер үшін де міндетті болады. Бұл еліміздің барлық өңірлерінде тәрбие жұмысын бір талаппен жүргізуге және тең мүмкіндік жасауға жол ашады.
🏫 Барлық мектептерге арналған бірыңғай визуалды стандарт әзірленеді. Білім беру кеңістігінің ішкі және сыртқы келбеті ұлттық тәрбиелік құндылықтар мен мәдениетті бейнелеуге бағытталады.
‼️ Тәрбие процесіне қатысушылардың барлығын үйлестіруге ерекше көңіл бөлінеді. Мектептегі жұмыс жергілікті билік, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және ішкі саясат салаларының бірлескен іс-қимылымен ұйымдастырылады.
📌 Әр айдың тақырыбы сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларды өзара байланыстырып отырады: әділдік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және т.б. Осы мақсатта оқу процесіне «Өнегелі 15 минут», күй түріндегі қоңырау, ұлттық ойындар сияқты форматтар енгізіледі. Сонымен қатар, оқушының сыныптан тыс тәжірибесін кеңейтуге баса назар аударылады.