Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бурабай курорт аймағында абаттандыру жұмыстары өтті. Акмола облысының кәсіпкерлері 50 түп қайың мен қарағай ағашын отырғызды.
Бұл игі бастама — өңірдің бірегей табиғи тепе-теңдігін сақтау мен экологиялық мәселелерге қоғам назарын аударуға бағытталған.
«Бурабай Даму» ЖШС — курорттық аймақты дамытуға жауапты негізгі ұйым ретінде бұл акцияға жергілікті деңгейде серіктес қана емес, ұйымдастырушы ретінде де белсене атсалысты. Компания қатысушылардың үйлесімді жұмысын, отырғызу аумағын таңдауды және отырғызылған көшеттерге кейінгі күтімді қамтамасыз етті.
«Біз өз миссиямызды тек туристік инфрақұрылымды дамыту деп емес, сонымен қатар табиғатқа деген жауапкершілікті көзқарас ретінде қабылдаймыз. Мұндай бастамалар – курорттың болашағына қосылған елеулі үлес», – деді «Бурабай Даму» ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Бірбаев.
«Біздің брендтеріміздің бастауы — Бурабайдың тұма бұлақтарынан басталады. Ағаш отырғызу арқылы біз экожүйені сақтауға үлес қосамыз. Суымыздың әр ұрттамы табиғатты аялау — болашақ ұрпақ денсаулығына жасалған инвестиция екенін еске салып тұрса дейміз»», – деп атап өтті «Көкшетау минералды сулары» зауытының директоры Досымжан Кенжешов.
Акцияға қатысушылар осындай игі істер дәстүрге айналып, басқа да компаниялар мен өңір тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға белсенді араласуға шабыттандырады деген сенім білдірді.