Ақмола облысының жас дарындары Бішкектегі халықаралық байқауда жеңіске жетті

Ақмола облысының жас дарындары Бішкектегі халықаралық байқауда жеңіске жетті

Бұланды ауданының Макинск қаласындағы мектеп-гимназияның оқушысы Анна Петровская мен Никольское ауылының №2 жалпы білім беру мектебінің оқушысы Асанәлі Әшімов Артём Цимбалдың жетекшілігімен Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өткен "Біз — XXI ғасырдың интеллектуалдарымыз" атты халықаралық байқауға қатысты. Бұл байқау жыл сайын өткізіліп, оннан астам елден келген дарынды оқушыларды жинайды.

Қазақстан намысын қорғаған қос оқушы да жүлделі III дәрежелі дипломдарға ие болды. Асанәлі Әшімов «Стендтік модельдер» номинациясында «К-700А тракторының стендтік моделі» жобасымен, ал Анна Петровская «Робототехника және автоматтандырылған жүйелер» номинациясында «Стоматологиялық жұмыстарға арналған робот-манипулятор» жобасымен өнер көрсетті.

Артём Сергеевичтің бірнеше жыл қатарынан осы байқауға қатысушыларды дайындап, әрдайым жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқанын атап өткен жөн. Оның оқушылары үнемі лайықты марапаттармен оралады. Жас дарындар мен олардың жетекшісін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сондай-ақ бұл жолда қолдау білдірген барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.