Маңғыстау облысы делегациясының Ақмола облысындағы лагерьлердің таныстыру сапары болды

Маңғыстау облысы делегациясының Ақмола облысындағы лагерьлердің таныстыру сапары болды

2025 жылғы 15 мамырда Маңғыстау облысынан делегация Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына облыс әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев  жетекшілік етті. Сапар мақсаты – Ақмола облысындағы қала сыртындағы балалар сауықтыру орталықтарының инфрақұрылымымен танысу және Маңғыстау облысының мектеп оқушыларының демалысы мен сауықтырылуын осы өңір лагерьлерінде ұйымдастыру мәселелерін талқылау.

Сапар аясында Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дюсенова   қала сыртындағы лагерьлерге арналған таныстырылым өткізіп, өңірдегі жетекші сауықтыру орталықтарының инфрақұрылымы және балалардың демалысы мен денсаулығын нығайту ерекшеліктері туралы баяндады.

Маңғыстау облысынан келген делегация үшін арнайы бағдарлама ұйымдастырылып, оның аясында Бурабай ауданындағы «Звездный» балалар сауықтыру орталығы, сондай-ақ Зеренді ауданындағы «Сұңқар» сауықтыру кешені мен «Парус» балалар лагері таныстырылды.

Аталған сапар екі өңір арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру тәжірибесімен алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.