Көкшетауда жылу электр орталығы құрылысына қатысты кезекті кеңес өтті

Көкшетауда жылу электр орталығы құрылысына қатысты кезекті кеңес өтті

Облыс әкімдігі мен оның құрылымдық бөлімшелері «Самұрық-Энерго» АҚ-мен бірлесе отырып, 2025 жылға арналған жоспарларды талқылаған кеңес өткізді. Кеңесте жобалау және құрылыс жұмыстарының бастапқы кезеңдерін жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сонымен қатар, жылу электр орталығы салынатын аумаққа барып, бас жоспар мен сызбалық-ситуациялық сұлбалармен танысу ұйымдастырылды.