Макинск қаласында су құбыры желілерін жаңғырту бойынша ауқымды жобаның жүзеге асырылуы жалғасуда. Бұл жұмыстардың алғашқы кезеңі 76 шақырымнан астам инженерлік коммуникацияны қамтиды. Бүгінгі күні жалпы көлемнің 60 пайызы аяқталып, 45 шақырым жаңа құбыр тартылды.
Жоба ескі, тозған су құбыры желілерін толық ауыстырып, заманауи әрі сенімді жүйені орнатуды көздейді. Жоспар бойынша барлығы 72,7 шақырым жаңа құбыр желісі салынады. Жобаның жалпы құны – 3 382,9 млн теңге. 2024 жылы 2 017,5 млн теңге игерілсе, жыл соңына дейін қосымша 692,5 млн теңге қаржыландыру көзделген.
Жобаның мердігері – «УниверсалСтройСервис» ЖШС. Жұмыстардың келісімшарттық құны – 3 279,9 млн теңге.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, барлық жұмыстар бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Құрылысты биылғы қараша айында аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа жүйе іске қосылғаннан кейін Макинск қаласының 18 мыңнан астам тұрғыны орталықтандырылған әрі тұрақты ауызсумен қамтамасыз етіледі.
Жобаның жүзеге асуы тек таза суға қолжетімділікті жақсартып қана қоймай, қаланың санитарлық жағдайын арттырып, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.