2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтеді. Осы айтулы күнге орай облыста ардагерлер мен оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы әлеуметтік төлем жасау жоспарланған.
Бүгінгі таңда өңірде Ұлы Отан соғысының 3 ардагері бар. Олар Қосшы қаласы, Бұланды және Бурабай аудандарында тұрады. Әрқайсысына 5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем 20 сәуірге дейін төленетін болады.
Сондай-ақ соғыс ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға да төлемдер қарастырылған. Оларға 25-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл санатқа жататындар:
Сонымен қатар, өзге мемлекеттердің аумағындағы соғысқа қатысқан ардагерлер — Тәжік-Ауған шекарасында әскери борышын өтегендер, Ирактағы бітімгершілік миссиясына қатысқандар және Таулы Қарабақтағы қақтығыстарды реттеуге атсалысқандар (Ауған соғысы ардагерлерінен басқа) — 25 АЕК көлемінде (98 300 теңге) төлем алады.
13-тен 20 АЕК-ке дейінгі (51 116 теңгеден 78 640 теңгеге дейін) төлемдер төмендегі санаттағы азаматтарға қарастырылған: