Облыс әкімі ақмолалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Облыс әкімі ақмолалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шуақты көктем мерекесі ежелден қазақ жерінде көктемгі жаңару, бірлік пен достықтың символы ретінде аталып келеді.
«Ата-бабаларымыз Наурызды жаңа жылдың бастауы ретінде қабылдаған. Бүгінде ол жалпыұлттық мейрамға айналды. Бұл мерекені барлық қазақстандықтар этностық немесе діни ерекшеліктерге қарамастан асыға күтіп, бірге атап өтеді», – деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Наурыз мейрамы адамдарды біріктіретін мейрам.

Ертеде Наурыз күндері соғыстар тоқтатылып, рулар арасындағы дау-дамай басылып, өзара өкпе-реніш кешірілген. Бұл мереке адамдарды бір дастархан басына жинап, бейбітшілікке, ізгілікке және келісімге шақырған.

Көктемнің осы шуақты күндері әр қазақстандық үшін дәстүрлі құндылықтар мен болашаққа деген ізгі үміттермен байланысты. Біз үйлеріміз бен көшелерімізді ретке келтіріп, ағаш отырғызып, бұлақ көздерін тазартамыз. Сондай-ақ, ойымызды да тазартып, бір-бірімізге жақсылық пен бақыт тілейміз.

Құрметті жерлестер!

Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамуымен мақтана алады. Біз бүкіл елімізбен бірге экономикамызды нығайту жолында еңбек етудеміз. Мемлекет қолдауының арқасында өңірімізде агроөнеркәсіп кешені мен өндірістік сала қарқынды дамып, еңбек өнімділігі артып, халықтың әл-ауқаты жақсаруда. Соңғы жылдары облысымызда ондаған жаңа мектеп, медицина мекемесі, балабақша салынып, жүздеген шақырым жол жөнделді.

Бұл жетістіктер сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында мүмкін болды. Осы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін.

Көктемнің жарқын мерекесінде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, істеріңізге табыс тілеймін. Әр шаңырақта береке мен қуаныш орнасын! Еліміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Марат Ахметжанов,
Ақмола облысының әкімі.