Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ұлы Отан соғысының ардагері Казимир Борисович Беймарттың жерлеу рәсіміне қатысып, марқұмның жақындарына көңіл айтты. Ол ардагердің майдандағы және бейбіт өмірдегі еңбегін ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі деп атап өтті.
«Казимир Борисовичтің дүниеден өтуі – тек оның отбасы үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін орны толмас қайғы. Мен оны жеке танып, былтыр мерекелерде арнайы құттықтау мүмкіндігіне ие болдым. Марқұмның туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады», – деді Марат Ахметжанов.