Көкшетау Қазақстанның Гиннест рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр

Көкшетау Қазақстанның Гиннест рекордтар кітабына енуді жоспарлап отыр

Облыс орталығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлауға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Көкшетау Казақстанның Гиннестар рекорд кітабына енеді деп жоспарланып жатыр. 1000-нан астам әйел қатысатын «Кимешек шеруі» ұйымдастырылады. Шеру Салтанат сарайы ғимаратынан Темірбеков көшесімен Әуезов көшесінен Абылай хан алаңындағы негізгі сахнаға кіру аркасына дейін өтеді.

«Көкшетау қаласында Наурыз мейрамын мерекелеу үшін қала алаңдары мен көшелерінде, сондай-ақ Құлагер, Застанционный, Бірлік, Юбилейный шағын аудандарында; №4 мектеп аумағында, «Балықшылар аллеясында», революция күрескерлері саябағында, «Достар» МС-ның маңында, Е.Әуелбеков көшесіндегі «Триумф» МИБ-де, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы «Жансая» МИБ-де және Біржан Сал көшесіндегі «Інжу» ТК-де киіз үйлер орнатылады», - деп атап өтті Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Нөгертаева.

Аудандар мен ауылдық округтерде мерекелеу 21 наурызда ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін 22 наурыз күні Абылай хан және Тәуелсіздік алаңдарында іс-шаралар жоспарланған. Абылай хан алаңында 7 киіз үй орналасады, онда бесікке салу, тұсау кесу, сырға салу, қыз ұзату, бата беру сияқты әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көрсетіледі, сондай-ақ интерактивті киіз үй мен күй тартыс болады.

Бұған қоса алаңда аудандық әкімдіктердің (Біржан сал, Буланды, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары) киіз үйлері Абай көшесі бойында бой көтереді.

Мерекеге арналған 2000-нан астам әртіс қатысатын «Сән-салтанатты әз – Наурыз!» атты театрландырылған қойылым жоспарланған. Жобаға театр және кино режиссері Аман Гумаров, Астана қаласының «Жастар» театрының әртістері және қалалық мәдениет бөлімінің әуесқойлық ұжымдары қатысады.

Қалалық саябақта ұлттық колорит ескерілген шағын жарыстар мен жастар акциялары өтеді. Жастар үшін «Қымыз Fest» және «Бауырсақ party» шаралары, сондай-ақ Астанадан қонақты шақыру арқылы кубик-рубик текшесінің мозайкасын орнату жоспарланған.

Тәуелсіздік алаңында 7 киіз үй орнатылады, онда көрісу, бет ашар, құда түсу, есім кою, есік ашу және сәлем салу сияқты әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көрсетіледі.

«Достық» қонақ үйінің алдында қазақша күрес, армрестлинг, асық ату, гір көтеру, батырлар күресі, қошқар көтеру, арқан тарту, дартс, бұқа тартыс, қаппен жүгіру, автокөлік тарту сияқты спорттық жарыстар өткізіледі.

«Жыл мамандары» жобасы аясында арқан тарту мен гір көтеру сияқты жарыс алаңдары ұйымдастырылады, онда қаланың ірі кәсіпорындарының командалары сайысады.

«ЦУМ» сауда үйінің алдында жергілікті шағын бизнес өкілдері мерекелік сауда ұйымдастырады.

Мереке қазақстандық эстрада жұлдызы Мирас Жүгінісовтің қатысуымен концерттік бағдарламамен және ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды сақтау мақсатындағы басқа іс-шаралармен аяқталады.