Облыс әкімдігінде Зеренді ауданындағы мемлекеттік балық питомнигін бәсекелестік ортаға беру мәселесі қаралды

Облыс әкімдігінде Зеренді ауданындағы мемлекеттік балық питомнигін бәсекелестік ортаға беру мәселесі қаралды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен отырыста Зеренді ауданындағы «Зеренді балық шаруашылығы кәсіпорнын» бәсекелестік ортаға беру мәселесінің орындылығы талқыланды.

Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстар басқармасының басшысы мен Зеренді ауданы әкімінің есебін тыңдағаннан кейін, облыс әкімі бұл кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру тізілімнен шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне өтініш жолдау туралы тапсырма берді.