Ақмола облысы әкімінің өкімімен Сахиев Серік Қанатұлы негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Серік Қанатұлы – Ақмола облысы, Степногорск қаласының Қырық Құдық ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-биохимик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007 жылы Зеренді аудандық емханасында дәрігер-биохимик ретінде бастады. Әр жылдары Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және денсаулық сақтау салаларында басшылық қызметтер атқарды.
Осы тағайындауға дейін «Красный Яр ауылының бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы» ШЖҚ КМК директоры қызметін атқарған.