1992 жылы дүниеге келген. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында нұсқаушы болып бастаған.
2016-2020 жылдары Көкшетау қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, қала әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
2020-2024 жылдары Ақмола облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінде бас маман-инспектор, кейін бас инспектор болып қызмет еткен.
2024 жылдың ақпан айынан бастап облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.