Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық спортшыларды қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ақмолалық спортшыларды қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен құттықтады

«Қысқы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен ақмолалық спортшылар мен олардың бапкерлерін шын жүректен құттықтаймын!

Біздің шорт-трекшілер Қазақстан спортының жаңа парағын ашып, 5000 метрлік эстафетада Азия ойындарының алғашқы алтынын жеңіп алды! Әсіресе, бұл жеңіске ақмолалық жерлестеріміз – Денис Никиша мен Мерсаид Жақсыбаевтың өз үлестерін қосқаны біз үшін үлкен қуаныш. Олардың шеберлігі, жеңіске деген жігері мен жанкешті еңбегі елімізге жоғары марапат әкелді!

Сондай-ақ, біздің қыздар да күміс медаль жеңіп алып, керемет жетістікке жетті! Ольга Тихонова мен Яна Ханның осы жеңіске қосқан үлесіне мақтанамыз!

Бұл жеңістер – спортшыларымыздың талантының, қажырлы еңбегі мен биік белестерді бағындыруға деген ұмтылысының айқын дәлелі. Олар жастарға үлгі болып, бәрімізге жігер береді!

Спортшыларымызға зор денсаулық, жаңа жетістіктер және ең биік спорттық тұғырларды бағындыруды тілеймін!» – делінген облыс әкімінің құттықтауында.