Ақмолалық спортшы Константин Борцов IX қысқы Азия ойындарында спринтерлік жарыста күміс жүлдеге ие болды

Ақмолалық спортшы Константин Борцов IX қысқы Азия ойындарында спринтерлік жарыста күміс жүлдеге ие болды

Ақмола облысының спортшысы Константин Борцов қысқы Азия ойындарындағы спринтерлік жарыста ел құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.

«Жерлесіміз Константин Борцовты Азия ойындарының күміс жүлдесімен құттықтаймыз!

Шаңғы жарысының ең тартысты сайыстарының бірі – классикалық спринтте біздің спортшымыз табысты өнер көрсетіп, қызу бәсекеде екінші орынға ие болды!

Бүгінгі таңда бұл – біздің спортшылар жеңіп алған екінші медаль. Алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз. Сіздер – Ақмола облысының мақтанышысыздар!» – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, Харбин (Қытай) қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында ақмолалық шорт-трекшілер – Денис Никиша, Хан Яна, Мерсаид Жақсыбаев және Ольга Тихонова 2000 метрлік аралас эстафетада күміс жүлдеге ие болды.