Целиноград ауданында көше жарығын орнату жұмыстары жалғасуда. Қажымұқан ауылында әйгілі қазақ палуаны, цирк әртісі, кәсіпқойлар арасындағы классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ескерткіші орналасқан аумақ жарықтандырылды.
«КИПЭСТ» ЖШС қызметкерлерінің күшімен төрт жарық бағаны орнатылды. Жұмыстар демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылды. Енді ескерткіш кешкі уақытта бұрынғыдан да айқын көрініп, айналасындағы аумақ тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы бола түсті.
Ауыл тұрғындары абаттандыру жұмыстарына қосқан үлесі үшін аудан басшылығына шынайы алғыстарын білдірді. Олардың айтуынша, жарықтандыру тек ескерткіштің көркін арттырып қана қоймай, ұлы спортшының ерлігін еске алуға мүмкіндік беретін ерекше атмосфера қалыптастырды.