Қосшы қаласында көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Қосшы қаласында көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Қазіргі таңда келесі көшелердің жарығы толық қалпына келтірілді:

Тәуелсіздік, С. Сейфуллин, М.Мақатаев, Ш. Уәлиханов, Б. Момышұлы, Желтоқсан, Т.Рұсқұлов, Ш. Айманов, Шырақ, Қорқыт ата, Ш. Қалдаяқов. Қызылжар, А. Байтұрсынұлы.

Жөндеу жұмыстары барысында:

  • Шамдар ауыстырылды;
  • Фото релелер жаңартылды;
  • Жарық шамдары жөнделді;
  • Автоматтар мен контакторлар алмастырылды.

Жоспарға сәйкес бүгіннен бастап Ұлы дала, 19-20 шағын аудандардағы Сәбит Мұқанов көшесінен Абылай хан көшесіне дейін көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінге дейін 700-ге жуық шам ауыстырылды.

Жөндеу жұмыстарын “Ордақұрылыс” ЖШС жүргізуде.