Көкшетауда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпановтың «Өткен ғасырдың қазақ-орыс ретро әндері» атты жеке концерті эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтті. Оркестрге Қазақстан Республикасының халық әртісі Абзал Мұхитдинов жетекшілік етті.
«Алтын скальпель» және «Алтын лапароскоп» атақтарының иегері шығармашылық салада да кеңінен танымал. Халық әртісі Ермек Серкебаев «Әнші хирург» деп атаған Серік Тоқпанов – өнердің екі бағытын қатар меңгерген жан.
Одақтық және республикалық байқаулардың лауреаты С.Тоқпанов өзінің жеке концерттерімен қазақстандықтардың жүрегін жаулап келеді.
Профессордың репертуарында көпшілікке ұнайтын ретро әндер орындалды.
Айта кетейік, осы күндері профессордың екі күндік шеберлік сабағы аясында оталар жасалып, облыс орталығының ондаған тұрғыны мамандардан тегін кеңес алды.