Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ұлттық басылым күнімен құттықтауы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баспасөз сөзі әрдайым қоғамның дамуына, қоғамдық пікірдің қалыптасуына және рухани құндылықтардың нығаюына маңызды рөл атқарды. Әсіресе, мерзімді басылымдар ондаған жылдар бойы сенімді ақпарат көзі болып, ағартушылық қызмет атқарып, жылдам өзгеріп жатқан әлемде адамдарға дұрыс бағыт-бағдар беруде айрықша орын алады.

Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – жай ғана жаңалық тарату емес, сонымен қатар қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Сіздер арқылы азаматтар өңіріміз бен еліміздегі маңызды оқиғалардан хабардар болып, әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін түсінеді. Сіздер тек ақпарат таратумен шектелмей, халықты жігерлендіріп, өзекті мәселелерді көтеріп, маңызды проблемаларға қоғамның назарын аударасыздар.

Кәсібіңізге деген адалдықтарыңыз, әділдік пен ақиқатқа ұмтылыстарыңыз сіздерді шынайы сөз шеберлері етеді. Біз сіздердің жанкешті еңбектеріңіз бен кәсіби шеберліктеріңізді жоғары бағалаймыз!

Сіздерге зор денсаулық, амандық, шығармашылық табыс және шынайы оқырмандар тілеймін! Сөздеріңіз әрдайым құнды болып, еңбектеріңіз сұранысқа ие әрі қадірлі болсын!