Маңғыстау студенттері Жоғарғы Агротехникалық Колледж Шағалалы ауылында сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруде

Маңғыстау студенттері Жоғарғы Агротехникалық Колледж Шағалалы ауылында  сұранысқа ие мамандықтарды тегін меңгеруде

1968 жылдан бастау алған, Жоғарғы Агротехникалық Колледжі мемлекетіміздегі мамандарылған кәсіби жоғарғы оқу орны болып табылады.  Қазіргі таңда, «Жарқын болашақ» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысынан      150-ге жуық студент Ақмола облысының колледждерінде тегін білім алуда. Бұл жоба сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, сапалы білім алуға ұмтылатын жастар үшін маңызды қолдау болды.

Бағдарлама 10 жұмысшы мамандықты қамтиды, олардың ішінде агрономия, механика, ақпараттық жүйелер, жерге орналастыру және электрмен жабдықтау бар. Студенттер тек тегін білім алып қана қоймай, жатақхана, үш мезгіл тамақтану және жергілікті білім беру мемлекеттік тапсырысы аясында қосымша стипендиямен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап жоғарғы агротехникалық колледж халықаралық WorldSkills байқауының қатысушысы. Білім алушылар облыстық, республикалық байқаулардың жүлдегері атануда. Халықаралық WorldSkills Lyon байқауында «Электрмонтаж жүйесі» бойынша қатысып, республикалық жарыс «Өнеркәсіптік автоматтандыру» байқауында жүлделі ІІІ орын алды.

Бағдарламаның қатысушысы, бірінші курс студенті Асадбек Голбаев, Ақтаудан Шагалалы ауылындағы Жоғары агротехникалық колледжінде бағдарламалау мамандығын оқуға келген. Ол бағдарламалауға ерте жастан қызығып, болашақта «ҚазМұнайГаз» компаниясында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

«Мен жатақханада тегін тұрып, тамақтанумен қамтамасыз етілдім. Бұл бағдарлама – үлкен мүмкіндік», – дейді Асадбек Голбаев.

Колледж директоры Арман Оспановтың айтуынша, 2024 жылы оқу орнына «Жарқын болашақ» бағдарламасы бойынша 48 студент қабылданған. Жоба «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясымен қаржыландырылып, 12-22 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Сонымен қатар, өз Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет кадрлық әлеуетті жүйелі түрде арттыруы керек», — деп атап өтті. Білікті кадрларды тек жоғары оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ еліміздегі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында да дайындау қажет. Бұл колледж түлектеріне өздерінің жоғары нәтижелерін көрсете отырып, салалық мемлекеттік органдарда жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау деген сөз. Жоғары агротехникалық колледж студенттері халықаралық, республикалық және облыстық байқауларға белсенді қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болады. Бұл біздің оқушыларымыздың жоғары деңгейде дайындалғанын және кәсібилігін көрсетеді. Қазіргі мақсатымыз,  өңірдің ауыл шаруашылығы саласы үшін кәсіби және әлеуметтік құзыреттілігі жоғары, үздіксіз жетілдіруге дайын, заманауи өндірістік технологияларды меңгеруге және дамытуға қабілетті, ғылымды қажетсінетін экономика жағдайында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.