Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Өңірлік кадр резервінің мүшесі облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Өңірлік кадр резервінің мүшесі Маманов Бауыржан Сәкенұлы Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бауыржан Маманов 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша, 2018 жылы Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын жеке секторда қаржыгер ретінде тәжірибе жинақтаудан бастаған.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін 2014 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Экономика және қаржы департаментінде сарапшы лауазымынан бастағап, әрі қарай осы жүйеде бас сарапшы болып қызмет еткен.

2018-2023 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қорғаныс министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінде және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаментінде басқарма басшысы ретінде, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің экономика және қаржы департаментінің директоры лауазымында еңбек етті.

Осыған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қаржы және әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.