2025 жылдың 23 қаңтарында Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының Алқа отырысы өтті. Онда 2024 жылға арналған жұмыс қорытындылары шығарылып, 2025 жылға арналған басымдықтар айқындалды. Шараға облыс әкімі орынбасары Алтынай Амренова, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ медициналық ұйымдардың бас дәрігерлері қатысты.
Негізгі есеппен облыстық денсаулық сақтау басқармасы міндетін атқарушы Елена Иванова сөз сөйледі.
«Аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту — біздің басты міндетіміз. Біз жаңа технологияларды енгізу мен инфрақұрылымды жақсартумен қатар, әрбір тұрғынға медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ұмтылудамыз», — деп атап өтті Елена Иванова.
Артериялық гипертония мен онкологиялық аурулардан туындаған жоғары жалпы өлім-жітім мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Күн тәртібі бойынша баяндамалар жасалды:
Отырыста инфрақұрылымды дамыту мәселелері де талқыланды. 2024 жылы 28 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісі пайдалануға берілді, ал 2025 жылы тағы 10 объектінің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша қатысушылар денсаулық сақтау жүйесінің проблемалық мәселелерін талқылап, оларды шешу және аймақта медициналық қызметтердің сапасын жақсарту үшін нақты тапсырмалар берілді.