Ақмола облысында Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға, Ауған соғысының ардагерлеріне, ТМД-ның тәжік-ауған шекарасында қызмет еткендерге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан 1439 ардагерге естелік күндер мен мерекелік күндерге орай біржолғы әлеуметтік төлемдер ретінде 198 млн теңгеден астам қаражат бөлінді.
2025 жылға осы санаттағы 1426 ардагерге біржолғы әлеуметтік төлемдерге облыстық бюджеттен шамамен 140 млн теңге бөлу көзделіп отыр.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова ардагерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында ардагерлер санаторий-курорттық емделу, тіс протездеу, коммуналдық қызметтерге төлемақы мөлшерін облыстың барлық аймақтарында өтеу сомасын арттыру мәселелерін көтерді.
Айта кету керек, әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес, ардагерлерге келесі қосымша қолдау шаралары ұсынылады:
Айта кету керек, Ақмола облысы бұл нормалар толық көлемде іске асырылатын Қазақстан Республикасының үш аймағының қатарына кіреді (соның ішінде Астана қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы бар).