Ақмола облысы әкімінің өкімімен Нұрбек Бақтыбайұлы Бадырақов Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Нұрбек Бадырақов 1988 жылы 11 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және Қазақстан халықтар достығы университетін бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында статист болып бастаған. 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және жаңа технологияларды енгізу бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егіншілік және су шаруашылығы бөлімінің басшысы, 2013-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2016-2017 жылдары «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдарының қызметін талдау және дамыту департаментінде бас менеджер, ҚР Парламенті Мәжілісінде депутат көмекшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.
2018 жылдың шілдесінен 2022 жылдың шілдесіне дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары Ордабасы ауданының әкімі болды.
Тағайындалғанға дейін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.