Коммуналдық робот Бурабай ауданында пайда болды

Коммуналдық робот Бурабай ауданында пайда болды

Робот-телеинспектор заманауи камералар мен сенсорлармен жабдықталған, олар жоғары дәлдіктегі кескінді қамтамасыз етіп, құбырлардың күйін егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік береді және диаметрі 300-ден 1000 мм-ге дейінгі канализация құбырларындағы ақауларды анықтауға арналған.

Жаңа көмекшіні және коммуналдық қызметтерге арналған мамандандырылған техниканың кілттерін, оның ішінде мазут тасымалдаушы, көпфункционалды КамАЗ, фермерлік және жолаушы Газельдер, сондай-ақ JAC және Haval пикаптарын Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тапсырды.

Жаңа техниканы тапсыру өңірдің коммуналдық инфрақұрылымын дамыту мен материалдық-техникалық базаны жақсартуда маңызды қадам болуда.